АҚЫЛЫ ТЕРАПИЯ БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ
Көпбейінді облыстық ауруханада 25 төсек-орынға арналған Ақылы терапия бөлімшесі ашылды. Ашылу салтанатына аурухана директоры Баймаханов Жасұлан Болатбекұлы мен жоғары санатты хирург Шуленбаев Абдулла Сыздықұлы қатысып, лентасын қиды.
Заманауи үлгіде жабдықталған жаңа бөлімшеде емделушілердің жайлылығы үшін барлық қажетті жағдайлар қарастырылған. Онда науқастар сырқатына сай барлық дәрігерлерге қаралып, кеңес алып, МРТ, КТ, УЗИ секілді түрлі зерттеулерден өтіп, барлық қан-талдауларын жасатып, физотерапия бөлімінен де ем-шаралар алуына мүмкіндік бар.
Ақылы бөлімше меңгерушісі —жоғары санатты дәрігер-терапевт Уразова Гүлнар Арысбекқызы. Және тәжірибелі білікті маман, жоғары санатты дәрігер-терапевт Жұбаниязова Қарлығаш Қолғанатқызы мен білікті мейіргерлер сіздерге сапалы медициналық қызмет көрсетеді.
Бөлімше қажетті төсек-орындармен, тұрмыстық техникамен және өзге де қолайлы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. 1 және 2 төсек орынды VIP палаталарда емалушылардың жайылығы үшін жабдықталған.
Мекен-жайы: Көпбейінді облыстық аурухана (ОМЦ),
Назарбаев даңғылы 72,
Ақылы бөлімше меңгерушісі: Уразова Гүлнар Арысбекқызы тел: 87058128757
Дәрігер-терапевт Жұбаниязова Қарлығаш Қолғанатқызы, тел: 8701 740 7168